Коронавирус: елімізде екі аптадан кейін вакцинация басталады

19 қаңтар, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Коронавирус: елімізде екі аптадан кейін вакцинация басталады Елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу жоспарлануда. «Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу шаруасын жеделдету мақсатында келесі бағытта жұмыс жүргізілуде: 2021 жылғы 19 қаңтарда Спутник V вакцинасының 20 мың дозасын әкелу жөнінде Қарағанды фармкешені мен РФ тікелей инвестиция қоры келісімге келеді. 20 қаңтарда бұл вакциналарды «СҚ-Фармация» компаниясына арнайы тәртіп бойынша бір рет әкелуге рұсқат беру көзделген. Осыдан кейін халықтың бұған дейін белгіленген топтарына 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жоспарлануда», – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Министрдің айтуынша, екпе жұмыстары вакцинаның жеткізілу мөлшеріне қарай салынады. Контингент келесі тәртіпте белгіленген: Осылайша, жыл соңына дейін 6 миллионға жуық қазақстандық азаматқа вакцина салу көзделген.