Жаңадан тағайындалған екі министр ант берді (видео)

Жаңадан тағайындалған екі министр ант берді (видео)

Жаңадан тағайындалған екі министр ант берді (видео)
ашық дереккөзі
Жаңадан жасақталған Қазақстан Үкіметінің алғашқы отырысында жаңа тағайындалған Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов ант беру рәсімін жасады. Олар Қазақстан халқы алдында берген антында былай деді: «Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетіме, заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін!» https://www.youtube.com/watch?v=eylLl2vJCa8&feature=emb_logo&ab_channel=KAZINFORMLIVE

Видео: kazinform.kz