Қазақтың «тақиялы періштесі» өмірден өтті

Қазақстанның Мәдениет қайраткері, актер Әлімғазы Райымбеков 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

1611030025 news b

Көпшілікке режиссер Шәкен Айманов түсірген «Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақ деген есіммен кең танылған актер Әлімғазы Райымбеков Алматы облысында дүниеге келген.

1965 жылы алғашқы «Ән қанатында» фильміне спорттық іс-шараларына шақырту алады. 1966 жылы «Қилы кезең» фильміне түседі. 1968 жылы қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған «Тақиялы періште» (реж: Шәкен Айманов) кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдайды. Осы кезден бастап жұртшылыққа кеңінен таныла бастайды. 1968 жылы «Көгілдір такси» фильміне түсті. 1978 жылы «Қан мен тер» фильмінде эпизодтағы рөлді сомдаған. 1979 жылы «Егер сіз он екі жасқа болғанда» фильміндегі Қатештің әкесі рөлінде және т.б. бас-аяғы 12 кинофильмге түскен.

Back to top button