Әлемдегі жүктемесі ең көп әуежай анықталды

Әлемдегі жүктемесі ең көп әуежай анықталды

Әлемдегі жүктемесі ең көп әуежай анықталды
ашық дереккөзі
2020 жылдың қорытындысы бойынша Стамбұлдағы халықаралық әуежай әлемдегі жүктемесі ең көп әуежай болып шықты. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.  Екінші орында Париждегі Руасси — Шарль-Де-Голль әуежайы, үшінші орында — Лондонның Хитроу әуежайы орналасқан. Алғашқы бестікке Амстердамдағы Схипхол әуежайы және Мәскеудегі Шереметьево әуежайы бестікке. Агенттіктің хабарлауынша, Хитроу бірінші орыннан үшінші орынға төмендеген, өйткені әуежайдың жолаушылар ағыны 2020 жылы 73 пайызға азайды. Егер 2019 жылы бұл әуежайдың қызметін 81 миллионға жуық адам пайдаланса, өткен жылы тек 22,1 миллион адамға қызмет көрсеткен. Бұл — коронавирустық пандемияның салдары. Ұлыбританияда инфекцияның жаңа штаммының пайда болуы да әуежай жұмысына кері  әсер етті.