Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке кірісті
Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке кірісті
Осы уақытқа дейін Сыртқы істер министрі қызметін атқарып келген Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді бұдан былай сыртқы ведомство басшысы және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметін қоса атқарады.
Мұхтар Бексенұлы 1968 жылы 30 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 2-сыныпты Төтенше және Өкілетті Елші. 1993-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер минстрлігі Азия елдері басқармасының атташесі, үшінші хатшысы. 1996-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Кореядағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия, Таяу Шығыс және Африка елдері департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшілігінің кеңесшісі, ҚР істерінің Израильдегі Уақытша сенімді өкілі. 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі. 2004 жылдан бастап ҚР Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2005 жылдан бастап Қазақстанның Индонезиядағы, Бруней Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарды. 2009 жылдан бастап ҚР-ның Женевадағы БҰҰ бөлімшесіндегі және басқа да халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі, Қазақстанның Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, еліміздің Лихтенштейн кіняздігіндегі және Ватикан мемлекетіндегі дипмиссиясының басшысы міндетін қоса атқарушы. 2016-2019 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. 2019 жылғы қыркүйек айынан бері Сыртқы істер министрі қызметін атқарып келді.