Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке кірісті

Осы уақытқа дейін Сыртқы істер министрі қызметін атқарып келген Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді бұдан былай сыртқы ведомство басшысы және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметін қоса атқарады.

Мұхтар Бексенұлы 1968 жылы 30 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 2-сыныпты Төтенше және Өкілетті Елші.

1993-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер минстрлігі Азия елдері басқармасының атташесі, үшінші хатшысы.

1996-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Кореядағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы.

1999-2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия, Таяу Шығыс және Африка елдері департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы.

2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшілігінің кеңесшісі, ҚР істерінің Израильдегі Уақытша сенімді өкілі.

2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі.

2004 жылдан бастап ҚР Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2005 жылдан бастап Қазақстанның Индонезиядағы, Бруней Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарды.

2009 жылдан бастап ҚР-ның Женевадағы БҰҰ бөлімшесіндегі және басқа да халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі, Қазақстанның Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, еліміздің Лихтенштейн кіняздігіндегі және Ватикан мемлекетіндегі дипмиссиясының басшысы міндетін қоса атқарушы.

2016-2019 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

2019 жылғы қыркүйек айынан бері Сыртқы істер министрі қызметін атқарып келді.

 

Back to top button