Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды

Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды

Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды
ашық дереккөзі

Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы жасақталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  1. Тағайындалсын:
Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі; Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы; Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі; Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі; Аида Ғалымқызы Балаева – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі; Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі; Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі; Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі; Алексей Владимирович Цой – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі; Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі; Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Ақтоты  Рахматоллақызы  Райымқұлова – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі; Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі; Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі; Әсет Арманұлы Ерғалиев – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі; Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі; Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі; Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.   Қазақстан Республикасының                 Президенті                                                                                  Қ.Тоқаев   Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 18 қаңтар № 494