30 градус аяз: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

30 градус аяз: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

30 градус аяз: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады
ашық дереккөзі
Еліміздің синоптиктері алдағы үш күн, 19-21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" мамандардың айтуынша, дәл қазір оңтүстік циклон солтүстік-шығысқа ауысады, оның орталығы Каспий теңізінің үстінде. Салдарынан жауын-шашын, жел күшейіп, солтүстікте боран, оңтүстікте көктайғақ болады. Алайда 21 қаңтарда еліміздің батыс өңірлеріне антициклон жотасы әсер ете бастайды. Нәтижесінде жауын-шашын тоқтап, аяз басталады. Синоптиктердің болжауынша, түнгі уақытта ауа температурасы -22-30℃ дейін төмендеуі мүмкін.