30 градус аяз: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күн, 19-21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

«Қазгидромет» мамандардың айтуынша, дәл қазір оңтүстік циклон солтүстік-шығысқа ауысады, оның орталығы Каспий теңізінің үстінде. Салдарынан жауын-шашын, жел күшейіп, солтүстікте боран, оңтүстікте көктайғақ болады.

Алайда 21 қаңтарда еліміздің батыс өңірлеріне антициклон жотасы әсер ете бастайды. Нәтижесінде жауын-шашын тоқтап, аяз басталады.

Синоптиктердің болжауынша, түнгі уақытта ауа температурасы -22-30℃ дейін төмендеуі мүмкін.

Back to top button