Samsung басшысы пара бергені үшін 2,5 жылға сотталды

Samsung басшысы пара бергені үшін 2,5 жылға сотталды

Samsung басшысы пара бергені үшін 2,5 жылға сотталды
ашық дереккөзі
Сеул соты Samsung Group басшысы Чжэ Ён Лидің ісін қайта қарап, оны екі жарым жылға түрмеге қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлады Bloomberg.
Чжэ Ён Ли сот үкімі шыға салысымен қамауға алынған. Yonhap басылымының дерегінше, компания басшысына Оңтүстік Корея президентінің құрбысы Чхве Сунь Сильге пара берген деген айып тағылған. 2017 жылы сот оны кінәлі деп танып, бес жылға соттаған. Алайда Чжэ Ён Ли 2018 жылы ақпанда түрмеден босатылды. Апелляциялық сот оның жазасын екі жарым жылдық шартты жазаға өзгерткен. Жоғарғы сот бұл шешімнің күшін жойын, істі қайта қарауға жолдады. Прокуратура компания басшысын тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл іс Оңтүстік Кореяда үлкен жанжалдың тууына түрткі болып, салдарынан ел президенті Пак Кын Хе биліктен кетуге мәжбүр болды. Кейін экс-президенттің үстінен де қылмыстық іс қозғалды.