Cтуденттер пандемияға байланысты оқу ақысын төмендетуді талап етті

Қырғызстанда жиырмаға жуық жоғары оқу орнының студенттері коронавирус пандемиясына байланысты оқу ақысын төмендетуді сұрайды. Індет таралғалы студенттердің көбі қосымша жұмыстан айырылған, енді бірінің ата-анасы қайтыс болған, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі

Оқу ақысын төлеуден қиналған студенттердің бірі – Арген. Бішкекте университетте оқып жүргеніне бір жарым жыл болды. Жылына 350 доллар төлейді. Бұл оның отбасы үшін аз ақша емес. Оның үстіне әкесі пневмониямен ауырып қалған. Отбасы мүшелері әкесінің еміне ақша табу үшін бәрі жұмыс іздеп кеткен.

Арген секілді студенттер Қырғызстанда өте көп. Олардың бәрі оқуын әрі қарай жалғастырғысы келеді. Жоғары оқу орны басшылары үнімізге құлақ асып, келісімге келсе екен дейді. Бірақ олай болмаған. Сондықтан студенттер бірігіп, әлеуметтік желіден арнайы топ ашқан. Екі айдың ішінде оларға бес мыңнан астам студент қосылған.

Студенттер білім министріне талап қойып, қажет болса жаңадан сайланған президент Садыр Жапаровқа дейін барамыз деп отыр.

Қырғызстанның білім министрлігі олардың талаптарын тыңдаған. Бірақ олар көмектесе алмайтындарын, оқу ақысын төмендету мәселесін университеттердің басшылығы өздері шешетінін айтты.

Ал жоғары оқу орындарына студенттерің бұл әрекеттері ұнамаған. Көбін оқудан шығарамыз деп қорқытқан. Бірақ студенттер соңына дейін барамыз, қажет болса наразылық акциясын да ұйымдастырамыз деп отыр.

Back to top button