UFC ардагері коронавирустан қайтыс болды

UFC ардагері коронавирустан қайтыс болды

UFC ардагері коронавирустан қайтыс болды
ашық дереккөзі
Америкалық аралас жекпе-жек шебері (MMA) Пол Вареланс коронавирустың асқынуынан қайтыс болды. Бұл туралы MMA Junkie хабарлады. Абсолютті күрес чемпионатының (UFC) ізашарларының бірі 51 жасында бақилық болды. MMA ардагері желтоқсан айында коронавируспен ауырған. Асқынуларға байланысты дәрігерлер оны жасанды кома жағдайына енгізуге мәжбүр болды. Алайда оны құтқару мүмкін болмады. 2021 жылдың 16 қаңтарында Вареланс қайтыс болды. Пол Вареланс UFC-де "Полярлық аю" деген атпен танымал болды. Ол UFC 7-де финалға шықты. Спортшы бір кеште үш жекпе-жек өткізді, соңғысында болашақ чемпион Марко Хуасқа жол берді. 1996 жылы американдық Киевке келді, онда IFC 1 турниріне қатысты. Онда ол украиналық Игорь Вовчанчиннен жеңілді. Вареланс Бразилия мен Жапониядағы турнирлерде де бақ сынады. Америкалық спортшы барлығы 18 жекпе-жек өткізген, оның тоғызында жеңіп, тоғызында жеңілген.