Ғабит Мүсіреп «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы болып тағайындалды

Ғабит Мүсіреп «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы болып тағайындалды

Ғабит Мүсіреп «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Белгілі публицист, қаламгер Ғабит Мүсіреп қазақ баспасөзінің қарашаңырағы, еліміздің бас басылымы – «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Ғабит Іскендерұлы Мүсіреп – Қа­рақалпақстанның Тақтакөпір ауда­нында дүниеге келген. Әл-Фара­би атындағы Қазақ Ұлттық универ­ситетінің журналистика фа­куль­тетін тамамдаған. Ол бұған дейін «Егемен Қазақстан» жалпы­ұлттық республикалық газе­тінде тілші, аға тілші, шолушы, бөлім мең­герушісі, бас редактордың орынбасары қыз­меттерін атқарған. Сонымен қатар, «Нұр Астана» рес­пуб­ликалық жастар апталығының бас редакторы болған. «Рухыңды түсірме, ұлым» (2010 жыл) атты публицис­ти­ка­лық шығармалар жинағы жарық көрген. Журналистика саласындағы жемісті еңбегі үшін «Дарын» мемле­кеттік жас­тар сыйлығына ие болды.