ДДСҰ өкілі коронавирус қашан басылатынын айтты
ДДСҰ өкілі коронавирус қашан басылатынын айтты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мелита Вуйнович "Российская газетаға" берген сұхбатында коронавирустық пандемия қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты.
Оның айтуынша, биылғы жылы COVID-19 ауруының жағдайы қалай дамитыны туралы нақты болжам жоқ, бірақ пандемия аяқталмайды және вирустың жойылып кетпейтіні анық.
Вуйнович вакциналар туралы соңғы жаңалықтар көңілге үміт ұялатып, келер күннен жақсылық күте бастағандар көбейгенін айтты.
Маман көптеген елдердің жаппай вакцинацияны қолға алғаны оң нәтиже береріне сенімді. Ұйымның өкілі вакциналар пандемияны тоқтатуы мүмкін екенін, бірақ олар барлық мәселелерді шеше алмайтынын атап өтті. Сонымен қатар, ол инфекцияның таралуын шектейтін шараларды тоқтатпау керегін ескертті.