Интернеттегі алаяқттардың арбауына түспеудің 5 сақтық қағидасы

Полицейлердің айтуынша, бұл қылмыстың ең көп таралған түрі – онлайн несие алу. Бұл жағдайда алаяқтар азаматтардың жеке деректеріне алаяқтық жолмен қол жеткізеді немесе онлайн-қарыздарды ресімдеу үшін жоғалған құжаттарды пайдаланады. Өткен жылы мұндай алаяқтықтың 200-ден астам дерегі тіркелген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Олжас Мағыпаров алаяқтықтың тағы бір кең тараған тәсілі – адамдардың жалған тауарларды сатып алу және сату үшін алдын ала төлемді банктік шотқа немесе виртуалды QIWI әмиянға аударуы екенін атап өтті. – Пандемия кезінде адамдар электронды әмияндарды, “интернет-банкингті” жиі қолдана бастады. Осыған байланысты алаяқтар түрлі жаңа схемаларды ойлап табуда, – деп қосты полиция қызметкері. Өткен жылы онлайн несие берудің 209 дерегі, сондай-ақ жоқ тауарларды сатып алу және сатудың 191 дерегі тіркелген.

 Олжас Мағыпаров алаяқтардың құрбаны болмаудың бірнеше жолын айтты. – Банк карточкаларының екі бетінің суретін бейтаныс адамдарға жібермеу; – Абоненттік нөмірге келіп түскен смс-кодты үшінші тұлғаға бермеу; –  Тауарды кімнің сататынына көз жеткізбей, тауар үшін кепілзат қоймау, алдын ала ақша аудармау; – Жеке құжаттарды кепілге тастамау, себебі алаяқтар жеке деректерді пайдаланып, несие ресімдей алады; – Бейтаныс адамдардың QIWI әмиянына ақша аудармау. Егер сіз осындай құқық бұзушылықтың құрбаны болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша полицияға жүгіне аласыз.

Back to top button