Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында ән шырқады

Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында ән шырқады

Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында ән шырқады
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Джо Байденнің инагурациялау апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Онда Димаш Құдайберген қазақтың «Самалтау» халық әнін орындады, – деп жазды dimashnews.com. Дәстүр бойынша салтанатты шараны бауырлас қалалардың халықаралық қауымдастығы – Sister Cities International ұйымы өткізді. Коронавирус пандемиясына байланысты биыл шара онлайн-режимде өтті. Мерекеде белгілі спикерлер мен орындаушылар сөз сөйледі. Олардың ішінде: губернатор Билл Анабутти, Джозефина Биверс, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессмен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, АҚШ теңіз оркестрі, Кэрол Робертсон Лопез және тағы басқалар бар. Димаш SCI өкілдеріне шақырғандары үшін алғысын білдірді. Sister Cities International бас директоры Лерой Аллала өз кезегінде қазақстандық орындаушының шығармашылығы адамдарды, олардың мәдениеті мен тілін біріктіретінін атап өтті. Сонымен қатар Димаштың 20 қаңтарда Sister Cities International ресми сайтында тағы бір ән орындауы көрсетілетіні белгілі болды.