Кедейлер саны артқан ба?

Кедейлер саны артқан ба?

Кедейлер саны артқан ба?
ашық дереккөзі
Таяуда Дүниежүзілік банк сарапшылары "Қазақстан: оңалудың ұзақ жолы" атты баяндама дайындаған еді. Мұнда Қазақстанның экономикалық өсімі биыл бәсеңдеп, алдағы жылдары қалпына келеді деген болжамдар айтқан еді. Сонымен қатар еліміздегі бір күндік күнкөрісті - 5 долларға шамалапты. 5 доллар – 1690 теңге. Дүниежүзілік банк Қазақстандағы біркүндік күнкөрістің бағасын осылай белгілеген. Бұл ай сайын – 50-55 мың теңге табатындардың бір күндік табысы. Банк мәліметінше, еліміздегі кедейлер саны 14 пайыз немесе 2 жарым миллион адам. 2015 жылы теңге еркін айналымға енгеннен кейін ұлттық валютаның инфляция деңгейі – 3,8 пайыздан 16,7 пайызға жеткен. Себебі айлық еңбекақы төмендеп, халықтың сатып алу қабілеті де айтарлықтай төмендеген. Дүниежүзілік банк күніне 5 доллар табысы барларды кедейлер қатарына қосады. Баяндама бойынша, Орталық Азия мемлекеттері бойынша да Қазақстан аутсайдер қатарында қалуы мүмкін. Дүниежүзілік банктің болжамына сәйкес, аймақта көш бастайтын – Өзбекстан, экономикалық өсімі  – 6,5 пайыз деңгейінде, келесі орында – Қырғызстан, экономикалық өсімі – 2,9 пайыз. Ал Тәжікстан – 4,8 пайызбен біздің алдымызға шыққан.