Анкарада Абай альбомының тұсаукесері өтті

Анкарада Абай альбомының тұсаукесері өтті

Анкарада Абай альбомының тұсаукесері өтті
ашық дереккөзі
Халықаралық ТҮРІКСОЙ ұйымы мен Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен Анкарада «Абайды түсіну» альбомының тұсаукесері өтті. Бұл туралы Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады. ТҮРІКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов жиынның ашылуында сөз сөйлеп, Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай жыл бойы өткен көптеген іс-шараны қорытындылады. Бұдан кейін де Абай мұрасы игеріле беретінін айтты. Баяндамалардан кейін біршама азаматтар Абай медалімен марапатталды.