Қазақстан аумағының ғарыштан түсірілген суреті жарияланды

Халықаралық ғарыш станциясы Қазақстан аумағының ғарыштан түсірілген суреттерін жариялады.

«Қазақстанның үстінен 264 миль қашықтықтан астам биіктікте Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген көрініс», – делінген суреттің сипаттамасында.

Айта кетейік, Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) — көп мақсатты ғарыштық зерттеу кешені ретінде пайдаланылатын басқарылатын орбиталық станция; 1998 жылдың аяғынан бастап қазіргі уақытқа дейін қолданылуда.

ХҒС-14 ел Ресей, АҚШ, Жапония, Канада және Еуропалық ғарыш агенттігіне кіретін Бельгия, Германия, Дания, Испания, Италия, Нидерланды, Норвегия, Франция, Швейцария, Швеция қатысатын бірлескен халықаралық жоба.

3bb16dea 795b 49fe 93da 988698a3b397

Back to top button