Атырауда түрмеге телефон лақтырған 2 азамат қамауға алынды

Атырауда түрмеге телефон лақтырған 2 азамат қамауға алынды

Атырауда түрмеге телефон лақтырған 2 азамат қамауға алынды
ашық дереккөзі
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, УГ-157/9 (ерлер түзеу колониясы) мекемесінің қоршауынан тыйым салынған заттарды лақтырған екі ер адам ұсталған. «Олар Атырауға Маңғыстау облысынан арнайы келген. Тексеру кезінде олардан ұялы телефондар, интернет модем, құлаққаптар мен қуаттандырғыш табылды. 25 жастағы екі азаматтың бұрын сотталғаны белгілі болды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Ұсталған азаматтар бұған дейін де осындай құқық бұзушылық жасаған. Сол кезде сот оларға ескерту берген. Ал, бұл жолы сот шешімімен екеуі де 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. «УГ-157/9 мекемесінің аумағында «Сергек» бейнебақылау жүйесі орнатылды. Түрменің маңына полиция қызметкерлері үнемі бақылау жүргізеді. Ал, тыйым салынған заттарды өткізуге ұмтылу секілді құқық бұзушылар қатаң жазаланатын болады», – дейді департамент бастығы Манарбек Ғабдуллин.