Бүгін ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Бүгін ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Бүгін ауа райы қандай болады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
Қазгидромет 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Фронталдық бөліктердің ықпалымен елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында аздаған қар, батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қазақстан аумағының қалған бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерiнде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, батыста көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының түнде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде жаяу бұрқасымен күтіледі. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейіп, жаяу бұрқасымен болуы ықтимал. Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-22 м/с жетеді. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.