Бүгін ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Қазгидромет 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фронталдық бөліктердің ықпалымен елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында аздаған қар, батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Қазақстан аумағының қалған бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерiнде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, батыста көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде жаяу бұрқасымен күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейіп, жаяу бұрқасымен болуы ықтимал.

Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-22 м/с жетеді.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Back to top button