Жаңалықтар

Шетелдегі қандастар ассимиляцияға ұшырамауы үшін ана тілі оқытылуы қажет

ашық дереккөзі

Шетелдегі қандастар ассимиляцияға ұшырамауы үшін ана тілі оқытылуы қажет

Бізде бір үстірттеу түсінік бар. Бұл – шетелдегі ағайын ана тілін жақсы сақтаған деген. Бұрын олай болған шығар, бірақ қазір жағдай одан біршама төмен екенін сарапшы мамандар да қуаттайды. Қазір әлемің 40-тан астам елінде қазақ диаспорасы өмір сүреді. Қазақ тілін жақсы сақтаған Қытай қазақтары мен Моңғолия (Шығыс Түркістан) қазақтары. Әуелі Моңғолия қазақтарының ана тілін жақсы сақтауына – ондағы қазақтардың бір ортаға шоғырлануы және сонау 70-жылдан бері Қазақстандағы қазақтілді БАҚ-пен тығыз байланыста болуы. Бірақ қазір онда да моңғол тілінің калькалары мен жаргондары еніп, тілдің біршама жұтаңдап бара жатқаны жасырын емес. Ал Қытай қазақтарына келсек, кейінгі Қытай еліндегі саяси ахуалға байланысты қазақ мектептері жабылып, қазақ балалары түгелге жуық қытай тілінде оқып жатқаны белгілі. Қазір онда тілі ханзуша шыққан қанша жас ұрпақ бары белгісіз. Үшінші, шетелдегі қазақтың көп бөлігі Ресейде. Олардың қаншалықты қазақ тілін білетіні де түсінікті жайт. Ал енді Иранда қазақ тілі мүлде оқытылмайды. Басқа ТМД елдерінде жарым-жатылай, жартыкеш тіл бар. Еуропадағы қазақтардың ана тілін сақтауы тіптен нашар. Осыған орай, қазір «Отандастар қоры» мен ZERDELI ақыл-ой дамыту орталығы бірлесіп, шетелдегі қандастарға қазақ тілін және кейбір кириллица әрпін білмейтіндерге онлайн оқытуды қолға алды. Бұл мәселеге байланысты шетелдегі қандастармен онлайн фарматта өткен бір жиында елімізге белгілі ақын Қалқаман Сарин шетелдегі қандастарға ана тілді үйрету қажет екенін айтқан сөзі газетіміздің веб-сайтында жарияланған еді. Алайда бұдан кейін кейір шетелден келген ағайындар өре түрегелді. Олардың уәжіне қарасақ, шетелдегі ағайын ана тілін сақтаған дейді. Ал бұған қандастар мен қазақ диаспорасының мәселесін жазып жүрген журналист Нұртай Лахан Қалқаман Саринның пікірін қолдайтынын жазды. Шетелдегі қазақтардың шын мәнінде ана тілінен айрылып бара жатқанын өз көзімен көргенін, шеттегі қазақтарды ассимиляцияға ұшыраудан аман алып қаламыз десек ең алдымен олардың тілін сақтау қажет екенін айтып, мәселенің байыбына бара бермейтін жалған намысшыл топтың екпінін бәсеңдеткендей болды. Шетелдегі қазақтардың тіл мәселесін әуелі шетелдегі ағайындардың арасынан шыққан зиялы қауым айтып келеді. Соның бір айғағы, газетіміздің  2 шілде күнгі №26-санында Түркияда тұратын белгілі шоқайтанушы ғалым Әбдуақап Қара: «Бүгінге дейін Қазақстан диаспора саясаты дегенді, оларды елге көшіріп  әкелу, яғни көші-қон саясаты деп қана қолданып келді. Бұл да керек, әрине және ол кең ауқымды диаспора саясатының өзі емес, бір бөлігі ғана болуы тиіс» дей келе тіл мәселесінде айтқан еді. Осыдан кейін «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов: «Әлем қазақтарының сын-ескертпелері ескерусіз қалмайды» деген мақаласында ғалым Әбуақап Қараның ұсынын қабыл алып, шетелдегі ағайындарға қазақ тілін оқыту мәселесін қолға алатынын айтқан болатын. Жасыратыны жоқ, бірақ ел ішінде «Отандастар қоры» шетелдегі ағайындарға қазақ тілін қалай оқытып жатыр, оны қай мекеме қаржыландырады, оқыту сапасы қай деңгейде деген секілді сауал жиі қойылып  жүр. Осы ретте біз шетелдегі қандастарға қазақ тілінде сабақ беретін педагогтің өзімен сөйлесіп, пікірін білген едік.