«Жұдырықтасамын». Хабиб Нұрмагомедов октагонға оралуы мүмкін

«Жұдырықтасамын». Хабиб Нұрмагомедов октагонға оралуы мүмкін

«Жұдырықтасамын». Хабиб Нұрмагомедов октагонға оралуы мүмкін
ашық дереккөзі
Жуырда Хабиб Нұрмагомедовпен келіссөз жүргізген UFC президенті Дэйн Уайт UFC ТВ-дің эфирінде оның алдағы уақытта октагонға оралуы мүмкін екенін айтты. Кездесу барысында Нұрмагомедов ММА әлеміне қайта оралуға айтарлықтай құлшынысы жоқ екенін, өз биігін бағындырғанын айтқан. Алайда алда өтетін UFC 257 турнирінде Дастин Порье мен Конор Макгрегор және Дэн Хукер мен Майкл Чендлер арасындағы жекпе-жектер тартысқа толы өтетін болса, ол октагонға қайта шығуға ниетті. «UFC 257 турниріндегі екі кездесуді байқап көремін. Егер жігіттер тартысқа толы жекпе-жек өткізіп, менің қайта оралуыма және жұдырықтасуға құлшынысымды оятса, мен жұдырықтасамын», – деген Нұрмагомедов кездесу соңында.