Мини-футбол: «Ақтөбенің» сенсациялық жеңісі таң қалдыруда

Мини-футбол: «Ақтөбенің» сенсациялық жеңісі таң қалдыруда

Мини-футбол: «Ақтөбенің» сенсациялық жеңісі таң қалдыруда
ашық дереккөзі
Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасында сенсация жасады деп жазады sports.kz порталы. Афиныда «Ақтөбе» Чемпиондар лигасының 1/16  матчында Грекияның АЭК командасымен ойнап, 5:2 есебімен жеңіске жеткен. «Ақтөбе» командасы мына құраммен ойнады: Байралмев, Део, Клочко, Силва Оливейра, Тыныштықбаев — Жеткербаев, Иманалин, Сәтжан, Кульбаев, Дәулетов, Қарағұлов, Соарес Брито. Негізінде алаң иелері фаворит саналған, бірақ бірінші болып Дмитрий Клочкодан гол жіберіп алды. Екінші таймда қонақтар қарсыластарына дес бермеді, Сильва Оливейра, Дмитрий Клочко және Асхат Құлбаев гол соғып, грек ойыншыларынан өздерінің мықты екенін көрсетті. Солайша, қазақстандық аяқдопшылар Еуропаны таң қалдырып жатыр. Тунирдегі «Ақтөбенің» ендігі қарсыласы 21 қаңтарда болатын жеребеде анықталады.