UFC спортшыларға марихуана қолдануға рұқсат берді

UFC спортшыларға марихуана қолдануға рұқсат берді

UFC спортшыларға марихуана қолдануға рұқсат берді
ашық дереккөзі
Ендігі жерде қан құрамынан марихуана белгілері анықталса, бұл ұйымның ережесін бұзу деп саналмайды. UFC ұйымдастырушылары жарыс кезіндегі допинг-бақылау ережесіне түзету енгізіп, шеберлеріне ішінара марихуана қолдануға рұқсат берді. Осылайша қан құрамынан марихуана анықталған жағдайда бұл ұйымның ережесін бұзу болып есептелмейді. Алайда UFC және АҚШ-тың допингке қарсы агенттік өкілдері жарыста өз нәтижесін жақсарту мақсатында марихуана қолданатын болса, спортшыларға жаза қолданылатынын нақтылады. «Кей жағдайда марихуана белгілері қан құрамында ұзақ уақыт сақталып қалады», – деп атап өтті UFC вице-президенті Джефф Новицки. Оның айтуынша, спортшыларға марихуана әсерімен жарысқа шығуға рұқсат жоқ.