UFC спортшыларға марихуана қолдануға рұқсат берді

16 қаңтар, 2021 / Арайлым Жолдасбекқызы
ашық дереккөзі
UFC спортшыларға марихуана қолдануға рұқсат берді Ендігі жерде қан құрамынан марихуана белгілері анықталса, бұл ұйымның ережесін бұзу деп саналмайды. UFC ұйымдастырушылары жарыс кезіндегі допинг-бақылау ережесіне түзету енгізіп, шеберлеріне ішінара марихуана қолдануға рұқсат берді. Осылайша қан құрамынан марихуана анықталған жағдайда бұл ұйымның ережесін бұзу болып есептелмейді. Алайда UFC және АҚШ-тың допингке қарсы агенттік өкілдері жарыста өз нәтижесін жақсарту мақсатында марихуана қолданатын болса, спортшыларға жаза қолданылатынын нақтылады. «Кей жағдайда марихуана белгілері қан құрамында ұзақ уақыт сақталып қалады», – деп атап өтті UFC вице-президенті Джефф Новицки. Оның айтуынша, спортшыларға марихуана әсерімен жарысқа шығуға рұқсат жоқ.