Германияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны өткен тәулікте 18 мыңнан асты. Бұл туралы ГФР Денсаулық сақтау министрлігі құрамына енетін және елдегі COVID-19 статистикасын жүргізетін Роберт Кох атындағы институт қызметкерлері мәлімдеді.
Институт таратқан мәлімет бойынша, соңғы 24 сағатта 18 678 адам коронавирус жұқтырған, ал 980 адам қайтыс болған.
Эпидемия басталғалы Германияда 2 019 636 вирус жұқтыру оқиғасы тіркелген және 45 974 адам қайтыс болған. Жазылғандар саны 1,6 миллион адам.