Өскеменде 9 жасар бала смартфон үшін үйінен кетіп қалған

Өскеменде 9 жасар бала смартфон үшін үйінен кетіп қалған

Өскеменде 9 жасар бала смартфон үшін үйінен кетіп қалған
ашық дереккөзі
Қылмыстық полиция қызметкерлері баланы бір сағаттың ішінде үйге жақын жердегі супермаркеттен тапты. Баланың анасы ұлын өзі іздеп таппақ болған, алайда іздеу нәтижесіз аяқталады. Амалы таусылған әйел полицияға арызданады. Полиция басқармасының арнайы құрамы баланы іздеуге бағытталады. Кейін анықталғанындай, мектеп оқушысының үйден кетуіне анасының самртфонын алып қоюы себеп болыпты. «Мен балама ескерту жасадым, смартфонын алып қоюыма тура келді. Өйткені ол көп уақытын телефонмен ойын ойнауға, видеороликтер көруге, достарымен сөйлесуге арнайды. Бұл баламның оқу үлгеріміне кері әсер ете бастады», – дейді баланың анасы.