Еліміздің бірнеше облысында ауа райы бұзылады

15 қаңтар, 2021 / Бектемір Балықбай
ашық дереккөзі
Еліміздің бірнеше облысында ауа райы бұзылады Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының бұзылатындығы жөнінде Қазгидромет хабарлады. 16 қаңтарда Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады. Көкшетауда оңтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең екпіні секундына 15 метр болады. Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 18 метр, Мұғалжар ауданында түнде екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел 15-20 м/с, күндіз екпіні секундына 25 м / с жетеді. Оралда тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Қызылорда облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Петропавлда түнде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.