Еліміздің бірнеше облысында ауа райы бұзылады

Еліміздің бірнеше облысында ауа райы бұзылады

Еліміздің бірнеше облысында ауа райы бұзылады
ашық дереккөзі
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының бұзылатындығы жөнінде Қазгидромет хабарлады. 16 қаңтарда Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады. Көкшетауда оңтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең екпіні секундына 15 метр болады. Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 18 метр, Мұғалжар ауданында түнде екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел 15-20 м/с, күндіз екпіні секундына 25 м / с жетеді. Оралда тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Қызылорда облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Петропавлда түнде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.