Жаңалықтар

COVID-19: Екі облыста карантин ұзартылды

ашық дереккөзі

COVID-19: Екі облыста карантин ұзартылды

Түркістан облысында және Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа байланысты карантин ұзартылды. Бұл туралы екі өңірдің бас санитарлық дәрігерлері шығарған жаңа қаулыда айтылған.  Түркістан облысының бас санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов қаладағы шектеулерді коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанғанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұқаралық іс-шараларға, ойын-сауық нысандарының, бассейндердің және т.б. қызметіне тыйым салынады. Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады. "Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап 31 қаңтарға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын", - делінген ШҚО бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.