Шетелден жеткізілген 10 миллионға жуық қолғап қолданылған болып шықты

Шетелден жеткізілген 10 миллионға жуық қолғап қолданылған болып шықты

Шетелден жеткізілген 10 миллионға жуық қолғап қолданылған болып шықты
ашық дереккөзі
Мәскеуге шетелден жеткізілген 10 миллионға жуық бір реттік қолғаптар қолданылған болып шықты. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзуға әрекет жасау бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Белгілі болғандай, ресейлік компаниялардың бірі шетелдік фирмамен бір реттік қолғаптар жеткізу жөнінде келісімшартқа отырған. Кедендік декларациялар негізінде аталған өнімнің 9,9 миллион данасы жеткізілген. — Кейіннен жеткізілген өнімнің мәлімделген сапаға сәйкес келмейтіні, қолғаптардың бұрын қолданыста болғанының сипатты белгілері бар екені анықталды, — деп түсіндірді ведомcтводан. Прокуратура коронавирус пандемиясы жағдайында қолданылған жеке қорғаныс құралдарын жеткізуді адамдардың жаппай сырқаттануына әкелуі мүмкін санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің өрескел бұзылуы деп санайды.