Ғалымдар құлақтағы шуыл денсаулықтағы қандай ақаудың белгісі екенін анықтады

Ғалымдар құлақтағы шуыл денсаулықтағы қандай ақаудың белгісі екенін анықтады

Ғалымдар құлақтағы шуыл денсаулықтағы қандай ақаудың белгісі екенін анықтады
ашық дереккөзі
Құлақтағы шуыл денсаулықтағы күрделі ақаудың белгісі болуы мүмкін.  Бұл туралы британдық Express басылымы американдық ғалымдардың зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады. Құлақтағы шуыл немесе ғылыми тілмен айтқанда - тиннитус, жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне, сондай-ақ эритроциттер мен ДНҚ жасушаларының түзілуіне жауап беретін В12 дәруменінің жетіспеушілігін көрсетеді. Сонымен қатар, B12 жүйке жасушыларының айналасында арнайы қорғаныс қабығының пайда болуына ықпал етеді, онсыз олардың арасындағы байланыс бұзылады, бұл тиннитке әкеліп соғады. Ғалымдар әлі күнге дейін тиннитусқа арналған нақты дәрі-дәрмектерді ойлап тапқан жоқ, бірақ бұл мәселені емдеу үшін әртүрлі әдістер қолданылады, мысалы, дәрі-дәрмек терапиясы, физиотерапия, рефлексотерапия және есту протездері.