Самат НҰРТАЗА, саясаттанушы: Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендету – демократияның жемісі

Самат НҰРТАЗА, саясаттанушы: Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендету – демократияның жемісі

Самат НҰРТАЗА, саясаттанушы: Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендету – демократияның жемісі
ашық дереккөзі
– Бүгін Президент Қ.Тоқаев Парламент сессиясында сөйлеген сөзінде саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуіміз керек деді. Менің ойымша, бұл – демократияның жемісі. Партиялардың Мәжіліске өту шегін 5 пайызға төмендету еліміздің саяси өмірінде жаңа партиялардың пайда болуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде қоғамда либерализм мен демократияның пайда болуына себепкер болады. Мемлекет басшысы көтерген мәселелердің ішіндегі  маңыздысы – адам құқықтарын толық қорғауға бағытталған іс-шаралар. Азаматтардың таңдау еркіндігін барынша қамтамасыз ету үшін барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «Бәріне қарсымын» деген жазу енгізу туралы Президенттің бастамасы азаматтардың сайлау құқығын қорғауға жағдай жасайды. Бюллетеньде «Бәріне қарсымын» деген жазу көптеген мемлекеттерде кездеспейді. Бұл ұсыныс – Қазақстанды бір сәтте демократизацияланған мемлекеттердің тізімінде әлдеқайда жоғарылатып жіберді.