Иркутск аспанында метеорит өртенді (видео)

15 қаңтар, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Иркутск аспанында метеорит өртенді (видео) 15 қаңтарда таңертең Иркутск қаласы маңында жер атмосферасында толығымен өртенген болидтің құлауы байқалды, деп хабарлайды РИА Новости. https://www.youtube.com/watch?v=zG9xH3Bj55M Бұл туралы ИГУ астрономиялық обсерваториясының директоры Сергей Язев мәлімдеді. Бейнежазбаларға сүйенсек, метеориттің үлкендігі қарапайым тауық жұмыртқасындай ғана. Ол салыстырмалы түрде баяу ұшып, шамамен 25 шақырым биіктікте толығымен өртенген.