Дариға Назарбаева Мәжілісте немен айналысатыны белгілі болды

Дариға Назарбаева Мәжілісте немен айналысатыны белгілі болды

Дариға Назарбаева Мәжілісте немен айналысатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты Дариға Назарбаева экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына енді.  Альберт Рау жетекшілік ететін бұл комитет құрамында барлығы 14 депутат бар. Дариға Назарбаевадан бөлек, "Ақ жол " партиясының төрағасы Азат Перуашев пен ҚХП депутаты Жамбыл Ахметбеков те осы комитет құрамына енді. Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы Парламенттің алғашқы сессиясын өткізді. Сондай-ақ, бұдан бұрын Мәжіліс төрағалығына Нұрлан Нығматулин қайта сайланғанын хабарлағанбыз. Ал Мәжіліс төрағасының орынбасарлары болып Павел Казанцев пен Балайым Кесебаева сайланды.