Адамның симптомсыз коронавирусты өткергенінің басты белгілі аталды
Адамның симптомсыз коронавирусты өткергенінің басты белгілі аталды
Адамның жиі шаршап, әлсіздікті сезінуі симптомсыз коронавируспен ауырғанын айғақтауы мүмкін. Бұл туралы Push Doctor мекемесінің бас дәрігері Дэн Банстон айтты, деп хабарлайды Express.
Дәрігердің сөзінше, егер соңғы үш айда адам шаршауды сезінсе, онда бұл коронавирусты өткергенінің белгісі болуы мүмкін. Банстон әлсіздік көптеген вирустық аурулардың негізгі салдарының бірі екенін байқады. Бұл жағдай әдетте инфекция жұқтырған уақыттан бастап 12 апта ішінде байқалады. Осы негізде басқа салдарлар болмаған жағдайда, пациенттің асимптоматикалық коронавируспен ауырғанын түсінуге болады.
Дәрігер COVID-19 белгілері мен салдары әркімде әртүрлі болуы мүмкін екенін айтты, бірақ көбінесе шаршаумен бірге бас ауруы, сондай-ақ бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну байқалады.
Дэн Банстон қызудың көтерілуі, жөтел, иіс пен дәм жоғалған жағдайда дереу дәрігерлерге жүгінуді ұсынды. Маманның айтуынша, пациенттің коронавируспен ауырғанына немесе ауырмағанына қарамастан, тек антиденелер сынағы нақты нәтиже бере алады.