Жаңалықтар

Локдаунның орнына коменданттық сағат: Шектеу шаралары қатаңдатылады

ашық дереккөзі

Локдаунның орнына коменданттық сағат: Шектеу шаралары қатаңдатылады

Оңтүстік Африка Республикасында шыққан коронавирустың жаңа штамының таралуына байланысты Францияға кіру тәртібі қатаңдатылмақ. Енді Еуроодақтан елдерінен басқа мемлекеттерден келген азаматтардың барлығы  бір апта карантинге жатқызылады.  Індет жұқтырғандар санының артуына байланысты Франция билігі ел ішіндегі шектеу шараларын да қатаңдатты. Мемлекеттің бүкіл аумағында жаңа коменданттық сағат енгізіліп, кинотеатрлар мен мұражайлардың қызметі тоқтатылды. Үкімет елдегі жағдайдың Ұлыбританиядағыдай ушыға түсе ме деп алаңдайды. Себебі осы елден тараған коронавирустың жаңа штамы Францияда тез тарай бастаған. Вирустың жаңа түрі күніне 200-300 тұрғыннан анықталуда. Франция премьер-министрі Жан Кастекстің  айтуынша, үкімет локдауннан гөрі коменданттық сағат енгізуді құп көрген. Енді бүкіл ел тұрғындарына кешкі сағат 6-дан бастап себепсіз сыртқа шығуға болмайды. Шара ертеңнен бастап күшіне еніп, 2 аптаға созылмақ. Мұндай тәртіп осы уақытқа дейін вирус ең көп таралған 25 департаментте қолданылып, оң нәтиже берген еді. Бұдан бөлек, елдегі барлық мектеп мұғалімдері мен оқушылар жаппай тестілеуден өтеді. Себебі оқу орындарында коронавирус жұқтыру деректері күрт артқан. Алайда үкімет мектептер жабылмайтынын мәлімдеді. Ал жоғарғы оқу орындарында студенттерінің басым бөлігі қашықтан оқуды жалғастырады. Тек бірінші курс студенттері дәстүрлі форматта оқуы мүмкін.