Жаңалықтар

Қазақстанда Салық кодексіне ревизия жасалады

ашық дереккөзі

Қазақстанда Салық кодексіне ревизия жасалады

VII шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Үкімет экономикалық белсенділікті қолдауға бағытталған контрциклдық макроэкономикалық саясатты жалғастыруы тиіс екенін айтты.  «Фискалдық саясатты жетілдіру аясында Салық кодексін жеңілдету, іскерлік белсенділік пен бәсекелестікті ынталандыру тұрғысынан ревизия жүргізу қажет. Шағын және орта бизнесті қолдауға назар аудару шарт», – деді Президент.