Онлайн петиция институтын заң жүзінде рәсімдеуіміз керек – Президент

Онлайн петиция институтын заң жүзінде рәсімдеуіміз керек – Президент

Онлайн петиция институтын заң жүзінде рәсімдеуіміз керек – Президент
ашық дереккөзі
VII шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.  «Өздеріңіз білесіздер, жыл басында кейбір заңнамалық актілерге қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті Заңға қол қойдым. Сол арқылы қоғамдық кеңестердің өкілеттігін едәуір күшейттік», – деді Мемлекет басшысы. ҚР Президенті енді азаматтық белсенділікті арттыру жолында тағы бір маңызды қадам жасалатынын айтты. «Бұл – талқыланып жатқан қоғамдық бақылау туралы заң. Біз онлайн петиция институтын да заң жүзінде рәсімдеуіміз керек. Бұл бастамалардың мақсаты – мемлекет қызметінің тиімділігін арттыру, шешім қабылдауға азаматтық қоғамды тарту», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.