Сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізу керек – Президент

Сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізу керек – Президент

Сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізу керек – Президент
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы VII шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясының ашылуында барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізу керегін айтты. «Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуы тиіс. Сондықтан, барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн», – деді Президент. Сондай-ақ, Қасым Жомарт Тоқаев саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5% төмендету керегін атап өтті. «Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5% төмендетуіміз керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді, өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады. Солар Парламенттің биік мінберінен айтылуы тиіс көптеген өзекті мәселені дер кезінде әрі орынды көтеріп жүр. Осындай партиялардың өкілдері Парламентке өтсе, ондағы пікірталасты қыза түсер еді, ортақ жұмысқа тиімді болар еді», – деді Қ.Тоқаев.