Елордада осы жексенбіде қоғамдық көліктер жүрмейді

17 қаңтар, жексенбі күні елордада қоғамдық көлік қатынамайды.

City Transportation Systems көлік компаниясының мәліметінше, 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады.

«Ол күні автобустарда дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі», – делінген хабарламада.

Автобуста бетперде режимі сақталуы тиіс. Қоғамдық көлікке маскасыз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.

Back to top button