Талдықорғандық өрт сөндірушілер 4 адамды құтқарып қалды (видео)

Талдықорғандық өрт сөндірушілер 4 адамды құтқарып қалды (видео)

Талдықорғандық өрт сөндірушілер 4 адамды құтқарып қалды (видео)
ашық дереккөзі
Талдықорғанда «Мүшелтой» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтерде өрт тұтанған. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртке оранған пәтерден екі ересек адам мен екі баланы құтқарып қалды. [video width="1144" height="644" mp4="https://turkystan.kz/uploads/resized-images/2021/01/youcut_20210114_213916025_1_2_1_1.mp4"][/video]   Қазіргі таңда олар Талдықорған қаласындағы облыстық және көпсалалы балалар ауруханаларына жатқызылды. Өрттің шығуына темекі шегу кезінде отты абайсыз қолдану себеп болған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындардан ашық отты пайдалану тәртібі мен қауіпсіздік шараларын сақтап, сонымен қатар ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды және үй ішінде темекі шекпеуді сұрайды.