«Отбасылық мәселеден шаршадым»: Көкшетауда жоғалып кеткен көпбалалы әйел табылды

«Отбасылық мәселеден шаршадым»: Көкшетауда жоғалып кеткен көпбалалы әйел табылды

«Отбасылық мәселеден шаршадым»: Көкшетауда жоғалып кеткен көпбалалы әйел табылды
ашық дереккөзі
Көкшетауда үйінен кетіп қалған көпбалалы әйел табылды, – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті. Ведомствоның мәліметінше, биыл 13 қаңтар күні Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, үйінен кетіп қалған 32 жастағы әйелін іздеп табуға көмек сұраған. «Осыған байланысты тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасын қолға алды. Оған тәртіп сақшыларынан бөлек еріктілер де тартылды. Көкшетау қаласындағы барлық бейнебақылау камераларының бейнежазбалары тексеріліп, әйелдің туыстары мен таныстары сұралды», – деді ведомстводан. Ешкімге ескертпей белгісіз бағытқа кеткен йелдің кәмелетке толмаған төрт баласы бар. Ол 12 қаңтар күні түнгі сағат 23:30 шамасында үйінен шығып кеткен. Арада бір күн өткен соң әйелді тәртіп сақшылары іздеп тапты. Табылған әйел бұл әрекетін: «Отбасылық мәселеге байланысты үйден кетіп қалдым, шаршадым, жалғыз болғым келді», – деп түсіндірді.