Жаңалықтар

Тәжікстан Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлауда

ашық дереккөзі

Тәжікстан Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлауда

Душанбеде мерекелік шаралар 8 қыркүйектен басталды. Салтанатты бас алаңда әскери парадпен ашты. Оған 16 мыңнан астам әскери қызметкер, оның ішінде әйел-әскерилер мен күштік құрылымның қызметкерлері қатысты. Мемлекеттік телеарналар парадтан тікелей трансляция жасап жатыр. Парадты президент, Тәжікстан қарулы күштерінің бас қолбасшысы саналатын Эмомали Рахмон, парламенттің қос палатасының спикерлері, премьер-министр мен басқа да лауазымды адамдар бақылап отыр. Рахмон парад алдындағы сөзінде әскерилерді отанына беріле қызмет етуге шақырды. Парадқа әскери техника мен авиация қатысып жатқан жоқ. Алаңда атты әскер мен кавалериясы мен қызметтік иттері бар кинологтар марш жасап жүріп өтті. Тәжікстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаралар елдің басқа аймақтарында да өтіп жатыр. Тәжікстан мәдениет министрлігі мәдениет басқармасының ақпаратына қарағанда, 9 қыркүйекте ондаған мың оқушы мен мемлекеттік қызметкер Душанбенің орталығында азаматтық парадқа шығады.