Елбасы Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
Елбасы Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
«Nur Otan» партиясының төрағасы Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты.
Отырысты ашқан Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» фракциясының депутаттарын кезекті парламенттік сайлаудағы жеңісімен тағы да құттықтады, – деп жазды elbasy.kz.
«Сіздер халықтың сенімін ақтауыңыз керек. Бұл – маңызды міндет әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан фракция депутаттары партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мақсаттарға жету үшін бар күш-жігерін салуы тиіс», – деді Елбасы.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясының елдің үдемелі дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысының нәтижелерін атап өтті.
«Бізде әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енерлік нақты жоспар мен ресурс бар. Бұл жолда ең үлкен парламенттік фракция ретінде сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Алға қойылған міндеттерді орындау үшін сіздер барлық күш-жігерді салар деген сенімдемін. Депутаттар құрамы өзгергенін бәрі біледі. Жаңа адамдар жаңа идеялар әкеліп, Парламент жұмысына тың серпін берер деп сенемін», – деді партия Tөрағасы.