Елбасы Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты

Елбасы Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты

Елбасы Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының төрағасы Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты. Отырысты ашқан Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» фракциясының депутаттарын кезекті парламенттік сайлаудағы жеңісімен тағы да құттықтады, – деп жазды elbasy.kz. «Сіздер халықтың сенімін ақтауыңыз керек. Бұл – маңызды міндет әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан фракция депутаттары партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мақсаттарға жету үшін бар күш-жігерін салуы тиіс», – деді Елбасы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясының елдің үдемелі дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысының нәтижелерін атап өтті. «Бізде әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енерлік нақты жоспар мен ресурс бар. Бұл жолда ең үлкен парламенттік фракция ретінде сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Алға қойылған міндеттерді орындау үшін сіздер барлық күш-жігерді салар деген сенімдемін. Депутаттар құрамы өзгергенін бәрі біледі. Жаңа адамдар жаңа идеялар әкеліп, Парламент жұмысына тың серпін берер деп сенемін», – деді партия Tөрағасы.  width= Нұрсұлтан Назарбаев VII шақырылымдағы Мәжіліс жұмысының Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс басталып отырғанын да ерекше атап өтті. «Қазақстан халқы өткен сайлауда біздің партияға үлкен қолдау көрсетті. Халықаралық байқаушылар қазақстандықтардың жоғары белсенділігін, ынтымақтастығын атап өтті. Сайлау ашық және демократиялық жағдайда өтті. Әдеттегідей, біз – нақты істің партиясы екенімізді растай алатындарыңызға сенімдімін», – деді Елбасы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Парламент Мәжілісінің өткен шақырылымдағы құрамының жұмысына тоқталып, Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері үйлесімді түрде жұмыс жүргізгенін мәлім етті. «Фракцияның тиімді жұмысы үшін бірнеше мәселені шешу қажет. Біріншіден, депутаттар Үкіметпен бірге партияның Қазақстан халқы қолдаған сайлауалды бағдарламасының тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі керек. Екіншіден, депутаттар бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына бақылауды күшейтуі тиіс. Үшіншіден, барлық әлеуметтік топтармен кері байланысты күшейткен абзал. Депутаттар тұрғындармен үнемі кездесіп, азаматтармен қоғамдық қабылдауларда бетпе-бет жүздесуі тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.