Еліміздің 7 облысында ескерту жарияланды – Қазгидромет

Еліміздің 7 облысында ескерту жарияланды – Қазгидромет

Еліміздің 7 облысында ескерту жарияланды – Қазгидромет
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК еліміздің 7 облысында ескерту жариялады. 15 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі. 15 қаңтарда Қызылорда облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 15 қаңтарда Қостанай облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде 15-20 м/с жетеді. 15 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде кей жерде күші 15-20 м/с. Орал қаласында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 15-17 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерде тұман, 16-17 қаңтарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 15, тәулік бойы 16 қаңтарда екпіні 23-28 м/с болады. Тараз қаласында 15-17 қаңтарда кей уақытта тұман, 16-17 қаңтарда көктайғақ күтіледі. 15-16 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 15 қаңтарда Атырау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Атырау қаласында түнде 15 қаңтарда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.