Елорда әкімі заңсыз автокөлік тұрақтарына қатысты пікір білдірді

Елорда әкімі заңсыз автокөлік тұрақтарына қатысты пікір білдірді

Елорда әкімі заңсыз автокөлік тұрақтарына қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қаладағы заңсыз автокөлік тұрақтарына қатысты өз пікірін білдірді. «Бұл жерде заңға сүйену керек. Қалалық әкімдіктің келісімінсіз автокөлік тұрағы ашылса, демек ол заңсыз. Әкімдік тек заң аясында жұмыс істейтіндерді қолдайды. Қала тұрғындарының көлік тұрағына қатысты қиындыққа ұшырап немесе артық ақша төлегенін қаламаймыз», – деді А.Көлгінов. Оның айтуынша, елордадағы «Министрліктер үйі» және «Нұрсая» тұрғын үй кешені маңындағы автотұрақтар заңға сәйкес жұмыс істеуде. «Ал әкімдіктің рұқсатынсыз жұмыс істеп жатқан автокөлік тұрақтарына қатысты тұрғындардың тарапынан шағым түсіп жатыр. Автотұрақ қызметіне жауапты мемлекеттік органдар тарапынан да сұрақтар туындауда», – деді ол. Еске сала кетсек, былтыр қараша айында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі келісімшарт міндеттемелерін орындамағаны және талаптарды елемегені үшін «Парковочное пространство» ЖШС-мен келісімшартты бұзу туралы сотқа арыз берді. Ол бойынша аталған ұйымға көлік тұрақтары үшін заңсыз төлем жинаған деген айып тағылған болатын.